Денсаулық сақтау министрі елордалық перинаталдық орталықта жас аналарды құттықтады

Денсаулық сақтау министрі елордалық перинаталдық орталықта жас аналарды құттықтады

Денсаулық сақтау министрі елордалық перинаталдық орталықта жас аналарды құттықтады

8 наурыз мерекесі қарсаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы Қалалық перинаталдық орталықта жақында ана атанған әйелдерді құттықтады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мереке қарсаңында ана атанған және алғаш рет ана болу қуанышын сезінген әйелдерге жылы лебізін білдірді. Жылы әрі мерекелік атмосферада босанған аналармен әңгімелесіп, олардың жағдайын және жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сұрап білді.

Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға гүл шоқтары табысталып, ал жаңа туған сәбилерге арнайы сыйлықтар – жылы балалар комбинезондары әзірленді.

Министр ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері мемлекет тарапынан ерекше бақылауда екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша акушерлік қызметті және балалар денсаулығын дамыту елдің денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басым бағыттарының бірі. Қазақстанда жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ ана мен нәресте өлімін төмендету бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Инфрақұрылымды дамыту аясында заманауи перинаталдық орталықтар салу және медициналық ұйымдарды жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл аналар мен жаңа туған нәрестелерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңында Ақмарал Әлназарова орталықтың медицина қызметкерлерін де көктем мерекесімен құттықтап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына күн сайын қамқорлық жасап жүрген ұжымға алғысын білдірді. Ол акушерлік және гинекология саласындағы мамандардың жұмысы ерекше жауапкершілікті, төзімділікті және жоғары кәсібилікті талап ететінін атап өтті.

«Бұл жұмыстың күрделілігі мен жауапкершілігіне қарамастан, перинаталдық орталық қабырғасында әрдайым ерекше жылы атмосфера қалыптасады. Өйткені дәл осы жерде әрбір отбасы өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі – жаңа өмірдің дүниеге келуі орын алады», - деді А. Әлназарова.

Жыл басынан бері тек Астанадағы Қалалық перинаталдық орталықтың өзінде 1,5 мың нәресте дүниеге келді. Мұнда тәулігіне орта есеппен 25 бала дүниеге келеді.