
Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
Жақындарымызбен қауышатын, жылулық пен жайлылыққа толы мереке келе жатыр. Алайда мереке күндері де өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың саулығына мән беру маңызды.
Осыған байланысты, жаңа жыл мерекелері кезеңінде емханалар мен ауруханалар қалыпты режимде жұмысын жалғастырып, халыққа қажетті медициналық көмекті көрсетуге дайын екенін хабарлаймыз.
Елордалық ауруханалар азаматтарды тәулік бойы қабылдайды, жұмыс қарқыны төмендетілмейді. Шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету үшін толық дайындық қамтамасыз етілген.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында фильтр-кабинеттер күн сайын сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
103 жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері мен бригадалары үздіксіз қызмет көрсетуді жалғастырады. Қоңыраулар мен шақыртулар тәулік бойы, 24/7 режимінде қабылданады.
Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың саулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!