Пациенттердің биометриясы: негізсіз тағайындаулар 7%-ға азайды

Пациенттердің биометриясы: негізсіз тағайындаулар 7%-ға азайды

Пациенттердің биометриясы: негізсіз тағайындаулар 7%-ға азайды

Face ID арқылы пациенттердің бейнесін сәйкестендіру жобасы негізсіз тағайындауларды 7%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова хабарлады.

Өткен жылы елордалық медициналық ұйымдарда пациенттің тұлғасын бет биометриялық деректері арқылы тексерудің цифрлық жобасы іске қосылған еді.

Ал медициналық куәландыру «E-Медосмотр» ақпараттық жүйесі арқылы орындалады. Ол жұмыс барысын цифрландыру және автоматтандыру арқылы процестің тиімділігін едәуір арттыруды қамтамасыз етеді. Аталған жүйе келесі нәтижелерге қол жеткізді:

  • Ақпарат алмасудың бірыңғай цифрлық ортасы қалыптасты.
  • Зерттеу диагностикасының барлық параметрлері қамтылды.
  • Диагностикалау жүйелігі қамтамасыз етілді.
  • Ақпараттың жеделдігі мен қолжетімділігі артты.
  • Әкімшілік мәселелерге жұмсалатын уақыт қысқарды.
  • Бірыңғай терезе арқылы ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етілді.

«E-Медосмотр» жүйесі әскери қызметке шақырылушылар мен әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқуға түсушілерді медициналық куәландыру үдерістерін автоматтандырып, оңтайландыруға бағытталған.

Сондай-ақ, Әлия Рүстемова енгізілген маңызды жобалардың бірі ретінде «Ахуалдық орталықты» атап өтті.

«Өткен жылы біз оны стратегиялық және жедел басқаруды, медициналық көмектің көлемін жоспарлауды және медициналық қызметтердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін іске қостық.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қаңтар айында №2 Қалалық көпсалалы аурухана базасында акушерлік-гинекологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, аналық және перинаталдық сырқаттану мен өлім-жітім жағдайларын бақылау, талдау  мақсатында ахуалдық орталық құрылды», – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.