Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасынан қала тұрғындарына хабарлама

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасынан қала тұрғындарына хабарлама

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы азаматтары арасында шет елде емделу сұранысы кеңінен артуда. Алайда, емделген науқастардың жағдайының нашарлауы мен қолайсыз нәтижелерінің саны да көбейді. Осыған байланысты, мемлекет пен медициналық клиниканы таңдауда бірнеше маңызды мәселелерге назар аудару қажет.

Науқастардың басым бөлігі шетелдік емханаларға кешенді қызмет пакеттерін ұсынатын делдал ұйымдар арқылы жүгінеді. Алайда, олар көбіне артық комиссиялар алып, емдеу шарттары мен күтілетін нәтижелер туралы жалған ақпарат беруі ықтимал. Келісімшарттар көбінесе ағылшын тілінде жасалғандықтан барлық шарттар мен құқықтарды түсінуде қиындық туғызады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде шетелдік емдеудің тек жағымды жақтары ғана көрсетіледі: қызметтердің төмен бағасы, дәрігерлердің жоғары біліктілігі және сапалы қызмет көрсету, алайда бұл әрдайым шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Азаматтар осы жарнамаларға сүйеніп, халықаралық аккредитациясы жоқ, қызметкерлердің біліктілігі төмен және материалдық-техникалық базасы ескірген медициналық мекемелерге жүгінуі ықтимал.

Аккредитациясы жоқ  жеке клиникалар медициналық хаттамалар мен стандарттардың толық сақталуына кепілдік бермейді. Сапасыз көрсетілген қызмет кесірінен зардап шеккен бірнеше фактілер тіркелген.

Осыған байланысты, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды шетелде емделудің ықтимал қауіптері мен жағымсыз салдары туралы, сондай-ақ алаяқтық фактілері туралы ескертеді.

Медициналық мекемелер мен делдалдар туралы ақпаратты мұқият тексеріп, халықаралық аккредитациясы бар емханаларды таңдауды және шетелде емделу туралы шешім қабылдағанға дейін мамандармен кеңесуді ұсынамыз.