Елордада жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу үшін жүйелі шаралар қолға алынған. Арнайы мониторинг Қалалық психикалық денсаулық орталығы (ҚПДО) мен медициналық ұйымдардың бірлесуімен жүргізілуде.
Өткізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, жасөспірімдердің суициді көбінесе отбасылық және достар арасындағы қақтығыстарға байланысты. ҚПДО-ның орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, мұндай әрекеттер әдетте ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару немесе наразылық білдіру мақсатында жасалады.
Осы орайда қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы үРүӘлия Рүстемова жасөспірімдердің суицидін болдырмау шараларын күшейту және алдын алу тәсілдерін жетілдіруді тапсырды.
10-29 жас аралығындағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және суицидтің алдын алу мақсатында жастар орталықтарында психологтар көмек көрсетеді. Көмекке дәрігердің жолдамасы бойынша немесе өз еркімен жүгінуге болады.
Қазіргі таңда қалада 11 жастар орталығы, 82 психолог қызмет көрсетеді. Оларға Қалалық №2, №3, №4, №5, №6, №8, №9 емханалары, Республикалық МСАК орталығы, сондай-ақ ТОО «Astana Clinic», ТОО «Салауатты Астана» және ТОО «City» поликлиникалары кіреді.
Сонымен қатар, ҚПДО мамандары психиатриялық блоктағы шұғыл психологтық көмек кабинеттерінде және тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны (54-76-03) арқылы шұғыл психологиялық көмек береді.
Астанада жасөспірімдердің суицидін алдын алу жұмысы мектептер мен поликлиникалардан арнайы орталықтарға дейін жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – қауіп тобындағы балаларды уақытында анықтап, кешенді қолдау көрсету.
Аталған жұмыстар Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында жүргізілуде.