2025 жылдың 14 мамырында 99255 әскери бөлімін жасақтауға арналған запастағы әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиындары басталды.

2025 жылдың 14 мамырында 99255 әскери бөлімін жасақтауға арналған запастағы әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиындары басталды.

2025 жылдың 14 мамырында 99255 әскери бөлімін жасақтауға арналған запастағы әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиындары басталды. Жиын 2025 жылдың 14-23 мамыр аралығында өткізіледі.

Аталған жиынға тіркелген 100 әскери міндетті шақырылды. Олардың ішінде - 70 офицер және 30 сержант. Жиын барысында әскери дайындық деңгейін арттыру, Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімшесінің жауынгерлік қабілетін күшейту, сондай-ақ шақырылған әскери міндеттілердің заманауи талаптарға сай білімдері мен дағдыларын жетілдіру көзделген.