
2026 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен өткізілген әскери жиынның белсенді кезеңі өтті. Іс-шара жеке құрамның практикалық дайындығын жетілдіруге, кәсіби дағдыларын нығайтуға және тағайындалуы бойынша міндеттерді орындауға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.
Оқу-жаттығу барысында халықты, стратегиялық маңызы бар объектілерді, сондай-ақ көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын шартты қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының шабуылынан қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Әскери міндеттілер бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды, түрлі оқу тапсырмаларына ден қою тәртібін және күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Сонымен қатар, төтенше жағдай режимдері енгізілген кездегі бөлімшелердің іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. Әскери міндеттілер қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аса маңызды объектілердің тұрақты жұмысын қолдау және мемлекеттік органдар мен жедел қызметтермен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық міндеттерді орындады.
Белсенді кезең аясында аумақтық әскерлер бөлімшелері мен әскери міндеттілерді жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері де пысықталды. Оның ішінде байланыс жүйесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, медициналық сүйемелдеу және логистикалық қамтамасыз ету бойынша практикалық іс-шаралар орындалды.
Осындай әскери жиындарды өткізу аумақтық әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, әскери міндеттілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге және аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтуға ықпал етіп, халық пен мемлекеттік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеді.