2026 жылғы 1 шілдеде Басқармада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 1 шілдеде Басқармада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 1 шілдеде Басқарма басшысы Руслан Камельханұлының төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежелеріне келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі талқыланды. Қатысушылар бірлескен іс-қимыл алгоритмін, тартылған құрылымдар арасындағы міндеттерді бөлуді және алдағы оқу-жаттығу аясындағы іс-шараларды орындауға дайындық мәселелерін қарастырды.

Кеңеске ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы А.А. Жоламанов, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, сондай-ақ Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының өкілдері қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуын сапалы дайындау мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.