Астанада әскери міндеттілерді әскери жиындарға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Астанада әскери міндеттілерді әскери жиындарға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

2026 жылғы 7 шілдеде Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде запастағы 102 әскери міндеттіні 10 күндік әскери жиындарға салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Астана қаласының Аумақтық қорғаныс бригадасына (99255 әскери бөлімі) тіркелген әскери міндеттілер он күн бойы практикалық сабақтар мен кәсіби даярлықты жетілдіруге бағытталған іс-шараларды қамтитын даярлық бағдарламасынан өтеді. Әскери жиындар олардың жүктелген міндеттерді орындауға әзірлік деңгейін арттыруға бағытталған.

Әскери жиындардың негізгі мақсаттары – жұмылдыру ресурстарын хабардар ету, қабылдау, шақыру және жеткізу жөніндегі іс-шараларды практикалық пысықтау, офицерлік командалық құрамның теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіру, бригада басқару органдарының жұмылдыру іс-шаралары мен аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ әскери бөлімнің Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, әскери басқару органдарымен, арнайы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.