Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара

2026 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ мен Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» КММ бірлесіп салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауға қатысты.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары, халқымыздың бірлігі мен ұлттық құндылықтарының көрінісі. Аталған іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.