Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

2026 жылғы 19 ақпанда Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының базасында «Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде Өңірлік жедел штабтың жұмысын ұйымдастыру. Аумақтық қорғаныс бригадасын арнайы өрістету» тақырыбында командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, аумақтық қорғаныс бригадасының қызметкерлері, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Астана қаласы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында жедел штабты өрістету, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ аумақтық қорғаныс бөлімшелерін арнайы өрістету мәселелері пысықталды.

Осындай іс-шараларды өткізу басқару органдарының дайындығын арттыруға және төтенше жағдай жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.