2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласының жинақтау пункті базасында конституциялық реформаны талқылау бойынша жиын өтті

2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласының жинақтау пункті базасында конституциялық реформаны талқылау бойынша жиын өтті

2026 жылғы 17 ақпанда Астана қаласының жинақтау пункті базасында мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және елдің демократиялық институттарын дамытуға бағытталған конституциялық реформаны талқылау бойынша маңызды әрі мазмұнды жиын өтті. Іс-шара ашық диалог пен пікір алмасу жағдайында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндірумен Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бешеев Руслан Камельханович сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, оның мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы, азаматтық қоғамның рөлін күшейтудегі және әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы маңызын атап өтті.

Талқылауға сондай-ақ запастағы полковник Артықов Ғани қатысып, жүргізіліп жатқан өзгерістерді қолдайтынын білдірді. Ол конституциялық реформаның ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Мұндай талқылаулар азаматтардың жоғары жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы сенімді нығайтуға септігін тигізеді. Өткізілген іс-шара ашықтық, диалог және ортақ болашақ жолындағы бірлескен жұмыс қағидаттарына негізделген елдің одан әрі дамуына бағытталған кезекті маңызды қадамы болды.