
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша ақылы негізде даярлау жөніндегі мемлекеттік қызметті ұсынады.
Оқудан өте алатындар:
- жасы 24-тен асқан тұлғалар;
- денсаулық жағдайы бойынша жарамды немесе шектеулі жарамды азаматтар;
- бұрын әскерге шақырудан босатылғандар;
- әскерге шақырудан кейінге қалдыруы бар тұлғалар.
Оқуға бұрын сотталған немесе ақтайтын негіздерсіз қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдар, не өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар, әскери міндеттілер жіберілмейді.
Қажетті құжаттар:
- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- әскери есепке алу құжаты (тіркеу куәлігі, әскери билет немесе уақытша куәлік);
- білім туралы құжаттың көшірмесі;
- әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілген медициналық куәландыру картасы.
Оқу мерзімі — 40-42 күн
Дайындық келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: атқыш, гранатаатқыш, пулеметші және басқа да мамандықтар.
Әскери-есептік мамандық оқу аяқталғаны туралы сертификат негізінде әскери билет берілген кезде әскери комиссариаттармен беріледі.
Өтініштерді қабылдау және қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жүзеге асырылады.
«ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМКК Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Көкшетау қалаларында орналасқан.