Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде баяндама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде баяндама

2026 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті алаңында дөңгелек үстел отырысы барысында Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының «2025 жылдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.

Баяндама барысында шақыру науқанының негізгі бағыттары, атап айтқанда шақыруды медициналық қамтамасыз ету, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру мәселелері, сондай-ақ шақыру іс-шараларын ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүйесін одан әрі жетілдіру және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігі атап көрсетілді.