2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өтті

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының қатысуымен көшпелі отырыс өтті

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінде елорданың аумақтық қорғаныс жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметі мен әскери инфрақұрылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелерге арналған көшпелі отырыс өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, елордалық мәслихаттың төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың әскери құрылымдармен іс-қимылын үйлестіру мәселелері, әскери инфрақұрылым объектілерінің қазіргі жай-күйі мен оларды дамытудың перспективалары қаралды. Қорғаныс және жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда әкімдік пен мәслихаттың рөліне ерекше назар аударылды.

Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша аумақтық қорғаныс жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, Астана қаласының әскери инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.