
2025 жылғы жұмыстың қорытындысын шығару барысында аумақтық қорғаныс бригадасының тапсырмаларды орындау деңгейіне жан-жақты талдау жүргізіліп, оның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары айқындалды.
Басшы ең алдымен бригаданы орналастыру үшін жаңа ғимарат бөлуге қатысты мәселелерді түсіндірді. Ол бөлімшенің бейбіт уақыттағы тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты анықталған кемшіліктерді жою қажеттігін ерекше атап өтті.
Ерекше назар жеке құрамның қызмет атқару шарттарын жақсартуға, материалдық құралдарды орналастыруды оңтайландыруға және инфрақұрылымды жаңа бекітілген штатқа сәйкес соғыс уақытының штаттық талаптарына келтіруге аударылды.