
2025 жылғы 20 қарашада Астана қаласы мәслихаты депутаттарының жұмыс отырысында Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бешеев Руслан Камельханович баяндама жасады.
Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі – жаңа «Нұра» және «Сарайшық» аудандарында қорғаныс істері жөніндегі басқармаларды құру болды. Бұл мәселе елорда қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтілді.
Сонымен қатар отырыста хабарландыру жүйесінің жұмысын, эвакуациялық пункттердің қызметін, аумақтық қорғаныс бригадаларын дайындау мен жоспарлы оқу-жаттығуларды өткізу мәселелерін талқыланды. Сондай-ақ елорда мен аудандардың жұмылдыру дайындығы, азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және Қарулы Күштерді жасақтау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Отырыс нәтижесінде басқарма басшысы мәслихат депутаттарының арасынан жұмыс тобының құрылуын ұсынды. Бұл топ басым міндеттерді бірлесіп пысықтап, қаланың қорғаныс әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған жұмысты үйлестіретін болады.