
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдар мен жедел қызметтердің қысқы төтенше жағдайлар мен ерекше кезең жағдайында әрекет етуге дайындығын тексеру болды. Оқу-жаттығуға құтқарушылар, полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, еріктілер, Астана қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының қызметкерлері қатысты. РКШО аясында жылыну, тамақтану және алғашқы медициналық көмек көрсету пункттерін қамтитын шатырлы лагерь құрылды. №29 орта мектеп базасында шартты зардап шеккендерді қабылдау және орналастыру пункті ұйымдастырылып, онда халықты эвакуациялау және қажетті көмекті қамтамасыз ету іс-қимылдары пысықталды. Өткізілген оқу-жаттығулар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын және қызметтердің қысқы кезеңде жедел әрекет етуге дайын екенін көрсетті.