Астанада күзгі әскерге шақыру жалғасуда

Астанада күзгі әскерге шақыру жалғасуда

Танымал блогер әрі жаттықтырушы Айтым Жақупов пен зейнеткер полковник, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Ғани Артыков әскери қызметке жауапты әрі саналы қараудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Айтым Жақупов, әскер – әрбір жас үшін ең маңызды мектеп екенін атап өтті. Ол жастарды спортпен айналысуға ерекше көңіл бөлуге және дайындықты кейінге қалдырмауға шақырды, себебі Қазақстанда фитнес-орталықтар мен спорт клубтарында жаттығуға барлық жағдай жасалған. Оның сөзінше, дене шынықтыру тек жеке пайда емес, сонымен қатар елдің қауіпсіздігіне қосқан үлес.

Жаттықтырушы өзінің спорттық жобаларына қатысқан 90%-дан астам адамның өмірін түбегейлі өзгертіп, табысты қызмет етуге қажетті мінез-құлық пен тәртіпті меңгергенін айтты.

Полковник Ғани Артыков әскерге шақыру науқанының қазіргі барысы және денсаулық, физикалық көрсеткіштер мен білім деңгейіне қарай жас жігіттерді түрлі әскер түрлеріне іріктеу туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызметті өтеген грант иесі де қатысты. Ол шекара бекеттерінде қызмет етіп, елдің мемлекеттік шекарасын қорғап, әскери қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігін дәлелдеді.