2025 жылғы 8-17 қыркүйек аралығында запастағы әскери міндеттілермен әскери оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Жиын 99255 әскери бөлімін жасақтауға бағытталған.
Жиын барысында жұмылдыру, жеке құрамның өзара іс-қимылы және стратегиялық маңызды объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер пысықталуда. Әсіресе, жауынгерлік даярлықты арттыруға, тактикалық дайындыққа және жағдайға барынша жақын практикалық дағдыларды жетілдіруге баса назар аударылады.
Жиын аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіруге және еліміздің жұмылдыру дайындығын арттыруға бағытталған.