2025 жылғы 5 қыркүйекте Астанадағы Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама жас ұрпақты отансүйгіштікке, елге қызмет етуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулудың жарқын үлгісі болды.
Іс-шара барысында «Жас шекарашы» сыныбының оқушылары Отанға адал болуға ант берді. Заманауи жабдықталған жаңа сынып ашылып, шекара бағанасы, бақылау мұнарасы және із жолағы бар «Шекара қалашығы» таныстырылды. Бұл көріністер шекара қызметінің маңызын айқын көрсетті.
Салтанатты шараға Шекара қызметінің өкілдері, «Застава тарландары» ардагерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Ашылу рәсімі жастардың елін сүйіп, ұлттық қауіпсіздікті қорғауға деген құрметін нығайтуға ықпал етті.