Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатарына әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті

Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатарына әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті

2025 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің Жинақтау пунктінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарын толықтыратын жас сарбаздардың алғашқы тобы күзгі әскерге шақыру аясында салтанатты түрде шығарып салынды.

Іс-шара жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Қарулы Күштер мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің ардагерлері, сондай-ақ офицерлер қатысты.

Қонақтар қатарында әскерге шақырылушылардың туған-туыстары да болып, ұлдарын өмірлеріндегі маңызды кезеңнің басталуына зор мақтанышпен шығарып салды.

Осындай іс-шаралар жастар үшін әскери қызметтің маңыздылығын айқындап, оларда патриотизм сезімін, жауапкершілікті және Отанға қызмет етуге дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.