2025 жылғы 15 шілдеде Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

2025 жылғы 15 шілдеде Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

2025 жылғы 15 шілдеде Астана қаласы әкімдігінде аумақтық қорғаныс бригадасын жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіру кезінде мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен құлақтандыру механизмдерін жетілдіруге бағытталған командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өткізілді.

Кеңесті Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы - отырыс төрағасы Руслан Камельханович Бешеев басқарды.

Оқу-жаттығуға қатысты:

  • Әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша әкімнің көмекшісі Ельчибаев Мейрам Зейнуллаевич
  • Астана қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі мен әскери қызметшілері;
  • Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің басшысы;
  • Қаланың бейінді басқармаларының өкілдері: білім, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, энергетика, дін істері басқармалары;
  • Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» КММ басшылығы;
  • Астана қаласы аудандары әкімдіктерінің өкілдері.

Кеңес барысында басқару органдарының ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға дайындығы тексеріліп, жеке құрамды хабардар ету, жинау, қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және әртүрлі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.