2025 жылғы 2-4 шілде аралығында Шымкент қаласындағы 50120 әскери бөлімінің базасында аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтіп жатыр

2025 жылғы 2-4 шілде аралығында Шымкент қаласындағы 50120 әскери бөлімінің базасында аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша оқу-әдістемелік жиын өтіп жатыр

Іс-шараға әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, өңірлік қолбасшылық әскерлері, ДШӘ қолбасшылары, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшылары және аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлері қатысуда.

Астана қаласынан жиынға Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бешеев Руслан Камельханович, Әскери қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша әкімнің көмекшісі Ельчибаев Мейрам Зейнуллаевич, Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы Жұмылдыру дайындығы бөлімі басшысының орынбасары Сейтхан Талғат Мұратұлы және Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Омар Орынбаев қатысуда.

Жиын барысында әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы өзара іс-қимыл мен дайындық деңгейін арттыру мәселелері қарастырылуда.