Аталған заң аумақтық қорғаныс жүйесін құру, оның қызметін ұйымдастыру және дамытуға қатысты құқықтық, ұйымдастырушылық және практикалық мәселелерді реттейді. Аумақтық қорғаныс – төтенше жағдайларда және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда халықты, стратегиялық маңызды нысандар мен инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ететін кешенді қауіпсіздік жүйесінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.
Құжат тиімді әрі тұрақты аумақтық қорғаныс жүйесін қалыптастыруға, дағдарыс жағдайларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заң аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға біртұтас тәсілдерді қолдану және тиісті іс-шараларды қаржыландырудың жеткіліктілігі принциптерін негізге алады, бұл қауіп-қатер туындаған кезде тұрақтылық пен жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Осы заңның қабылдануы Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады және қазіргі заманғы өзгермелі әлемде ел мен оның азаматтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.