Бұл кәсіби мереке — азаматтардың денсаулығын қорғауда күн сайын жоғары кәсібилік, жанашырлық пен жанкештілік танытып жүрген жандарға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі болды.
Іс-шараға Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы — Қапбасов Сат Уахитович қатысты. Басшылық атынан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан адал еңбегі мен үлесі үшін емхана қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік кештің атмосферасын «Астана Опера» театры әртістерінің музыкалық өнер көрсетулері айшықтай түсті. Олар қонақтарға жарқын көңіл-күй мен шығармашылық шабыт сыйлады.
Бұл күн медицина саласы мамандарының кәсібінің маңыздылығы мен абыройын тағы бір мәрте еске салды.