Әскергe шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шараға қалалық әскерге шақыру комиссиясының мүшелері, ата-аналар мен өнерпаздар қатысты.
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының мүшесі, отставкадағы полковник Артықов Ғани Асылбекұлының айтуынша:
«Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін толықтыру жоспарлануда. Ұлттық ұлан сарбаздарын жіберу мамыр айынан бастап маусым айының 30-ына дейін жүргізіледі. Бүгін жіберіліп жатқан сарбаздар заңмен бекітілген 12 айлық мерзімдік әскери қызмет атқарушы сарбаздар болып табылады», — деді ол.
Іс-шарада Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы Ахметов Даулет Байқалович сөз сөйлеп, жастарға сәт сапар тіледі.
Салтанатты рәсім шеңберінде халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрсәт Алмас пен Шахризада Тыныштық патриоттық әндер орындап, қатысушыларға ерекше рух сыйлады.