Астанада әскери міндеттілермен өткізілген он күндік жиындардың қорытындысы кезеңі ретінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті.
Іс-шараны Құрлық әскерлері, Бас штаб және Астана қаласының әкімдігінің өкілдері бақылады. Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Омар Орынбаевтың айтуынша, жиын барысында қойылған барлық тапсырмалар толық орындалды: қатысушылар теориялық білімдерін бекітіп, практикалық дағдылар мен жұмылдыру мәселелерін пысықтады.