Астанада Мәжіліс депутаттары аумақтық қорғаныс қызметімен танысты

Астанада Мәжіліс депутаттары аумақтық қорғаныс қызметімен танысты

21 мамыр күні Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Максим Рожин мен Самат Нұртазаның қаланың аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығу алаңына іссапармен баруы өтті. Іс-шараға депутаттармен бірге Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бешеев Руслан Камельханович және Астана қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының басшысы Кенжегулов Данияр Бауыржанович қатысты.

Сапар мақсаты — Мәжілісте мақұлданып, қазіргі уақытта қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заңы күшіне енбей тұрып, аумақтық қорғаныстың қазіргі жай-күйімен танысу. Депутаттар жаңа нормативтік-құқықтық акт қабылданғаннан кейін жүйенің қалай өзгеретінін бағалау үшін, нақты жағдайды білу маңызды екенін атап өтті.

Сапар аясында жиынға шақырылған әскери міндеттілердің тұру жағдайлары, күнделікті тұрмысы және тамақтанудың ұйымдастырылуы қаралды.