Астанада 16–18 мамыр аралығында Халықаралық EXPO көрме орталығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы VIII «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі өтеді.

Астанада 16–18 мамыр аралығында Халықаралық EXPO көрме орталығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы VIII «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі өтеді.

Астанада 16–18 мамыр аралығында Халықаралық EXPO көрме орталығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы VIII «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі өтеді.

Шараға Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Елорданың тұрғындары мен қонақтары «Даму» қорының мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында Қазақстанда өндірілген кең ауқымды тауарлармен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Көрмеде азық-түлік, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі түрлі өнімдер ұсынылады. Қатысушы компаниялар аймақтық тиістілігіне сәйкес көрме стендтерінде орналастырылады, бұл әр өңірдің кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ULTTYQ ÓNIM» аясында шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша қазақстандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен форум өтеді. Онда бизнестегі өзекті трендтер, қиындықтар мен мүмкіндіктер талқыланады.

Көрме аясында тәуелсіз дәм байқауы — «Халық Таңдауы», қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер және ерлер киімі топтамаларының көрсетілімі, кәсіпкерлердің шеберлік сағаттары, көрмеге қатысушылардан күн сайын ұтыс ойындары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Айта кету керек, «ULTTYQ ÓNIM» кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асуының бір бөлігі ғана. Бұл көрменің тұрақты түрде өткізілуі отандық тауарлар мен қызметтерді танымал ету мен алға жылжытуға өз үлесін қосатын жақсы дәстүрге айналды. Жыл сайын көрмеге деген қызығушылық артып келеді: 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, 2023 жылы — 22 мыңға жетті. Сату көлемі де артты: 2022 жылы 70 млн теңге болса, 2023 жылы 74,1 млн теңгені құрады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне келіп, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!

Көрме 16–18 мамыр күндері Халықаралық EXPO көрме орталығында өтеді. Жұмыс уақыты: 16 мамыр — 9:00–18:00, 17–18 мамыр — 10:00–18:00.