2025 жылғы 29–30 сәуір аралығында Астанада Жастар кәсіпкерлігі мен инновациялар күндері өтуде

2025 жылғы 29–30 сәуір аралығында Астанада Жастар кәсіпкерлігі мен инновациялар күндері өтуде

2025 жылғы 29–30 сәуір аралығында Астанада Жастар кәсіпкерлігі мен инновациялар күндері өтуде
 
Іс-шара аясында ENACTUS Kazakhstan National EXPO 2025 – жастар кәсіпкерлігінің 30-шы кубогы өтеді. Бұл – ENACTUS халықаралық бағдарламасына қатысушы үздік жобалардың Қазақстандағы ең ірі жыл сайынғы көрмесі, оған 1400-ден астам жас кәсіпкер қатысады.

Жастар кәсіпкерлігі бойынша ұлттық чемпионатқа қатысу үшін Қазақстанның 20 өңірінен 230 студенттік команда өтінім берді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша негізгі кезеңге 189 команда өтті, олар елдің ең үздік жас кәсіпкерлері атағы үшін күресті жалғастырады.

Іс-шара бағдарламасы кәсіпкерлік дамудың барлық деңгейін қамтиды — 5–8 сынып оқушыларына арналған Junior League питчингтерінен бастап World Cup League-ке дейін. Сондай-ақ арнайы шаралар жоспарланған: БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына студенттердің қосқан үлесіне арналған форум, түлектермен бизнес-сессия, ата-аналар мен мектеп директорларымен ақпараттық кездесулер, көрмелер, білім беру модульдері, стартаптардың финалдық шайқастары. Іс-шара салтанатты жабылу рәсімімен және ALUMNI-кешімен аяқталады.

Жеңімпаздар Қазақстанның атынан Таиландта өтетін ENACTUS World Cup 2025 жаһандық чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шара — 35 елден келген жас көшбасшылар, бизнес пен білім саласының өкілдері бас қосатын маңызды алаң болмақ. Мұнда тәжірибе алмасу, стартаптарды таныстыру және кәсіпкерлік пен инновациялар саласындағы жастар бастамаларын дамыту көзделеді.