2025 жылғы 24 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы өз жұмысын бастады

2025 жылғы 24 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы өз жұмысын бастады

2025 жылғы 24 сәуірде Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы өз жұмысын бастады
 
Іс-шараға үкімет, бизнес және жетекші өндірушілер өкілдерін қоса алғанда, 20 елден 1500-ден астам адам қатысуда.

Форумның ашылуында қатысушыларды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.
Президент машина жасау саласының ел экономикасына қосқан үлесін атап өтіп, оның 13%-дан 19%-ға дейінгі көлемін құрайтынын жеткізді. Сондай-ақ өндіріс пен экспорт көлемінің артқанын және Қазақстанға ауыл шаруашылығы техникасын жеткізетін жаңа компаниялардың келе бастағанын ерекше атап өтті.

Премьер-министр машина жасау саласын одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтып, озық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану, сондай-ақ саланың қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасау мәселелерін қозғады. Ол машина жасау Қазақстанның серпінді дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Форум жұмысына Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Темірлан Келдібаев және Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығы басқармасының төрағасы Асхат Бекеев қатысты.

Форум аясында Машина жасауды дамытудың кешенді жоспарын іске асыру, шетелдік серіктестердің рөлі, өнеркәсіпті роботтандыру және цифрландыру, кадр даярлау мәселелері талқылануда. Әсіресе теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ машиналарын жасау және автокөлік өндірісін дамытуға ерекше назар аударылды.