
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов пен ITECA Қазақстандық көрме компаниясының директоры Борис Даниленко арасында жұмыс кездесуі өтті
Алматы қаласында KITF 2025 Қазақстандық халықаралық туристік көрмесі аясында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов пен ITECA Қазақстандық көрме компаниясының директоры Борис Даниленко арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін және Астана қаласында көрме іс-шараларын өткізу мүмкіндіктерін талқылады. Халел Әкімжанов қала тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы — келесі KITF 2026 Қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесін елордада өткізу мүмкіндігі болды.
30 жылдық тәжірибесі бар ITECA Қазақстандық көрме компаниясы жыл сайын туризмді қоса алғанда, экономиканың 22 секторын қамтитын шамамен 30 халықаралық көрме мен конференция ұйымдастырады. ITECA іс-шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми қолдауымен өткізіледі.