Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 15-17 сәуір аралығында Үкімет аппаратының Аймақтық инспекторы Мейрам Өтешовтың жұмыс сапары өтті. Сапар елордада инвестициялық қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов елордада инвестициялық жобаларды іске асырудың қазіргі жағдайы туралы баяндама жасап, проблемалық мәселелерді шешу үшін инвесторлармен жергілікті кездесулер өткізілді.
Объектілерді аралау барысында жобаларды іске асыру процесінде инвесторлар тап болатын өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Мейрам Өтешов өнеркәсіп, білім беру және спорт салаларындағы, сондай-ақ ірі логистикалық жобалар шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен және даму перспективаларымен танысты.
Нысандарды аралағаннан кейін кездесуге қатысушылар ҚР Үкіметінің инвесторларға арналған даму стратегиясы мен кепілдіктерін талқылап, жаңа инвестицияларды тарту мен өңір экономикасын дамыту үшін тұрақты инвестициялық климаттың маңыздылығын атап өтті.
Әр тарап Астанадағы инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.