Өндірісті өрге сүйреген

Өндірісті өрге сүйреген
2009 жылы Астана қаласында құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы негізінен тапсырыс аясында жұмыс істейді. Өйткені шығарып отырған өнімі – көп тер төгуді қажет ететін дүние. Тәжірибесі мол мамандарды ғана топтастырып, сапа кепілдігіне бірінші мән берілуі тиіс. Иә, теміржол саласындағы ең керекті дүние – локомотив және жылжымалы құрамаларды, яғни тепловоз өндірісін жолға қойған компания өз өнімімен мемлекетіміздің бар сұранысын қанағаттандырып отыр. Сондай-ақ сырт елдерге де экспортқа жібереді.
Астана қаласы маңындағы №1 индустриялық паркте орналасқан «Локомотив құрастыру зауыты» өз жұмысын бастағалы 650 тепловоз шығарыпты. Үш ауысыммен жұмыс істейтін алып өндіріс алаңында 700-ден аса жұмысшы-маман бар.
Толығырақ «ASTANA AQSHAMY» республикалық қоғамдық-саяси газетіндегі «Өндірісті өрге сүйреген» мақаласында https://www.astana-akshamy.kz/oendiristi-oerge-suejregen/