ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ENACTUS WORLD CUP
ӨТЕДІ
Қазақстанда алғаш рет Enactus студенттік кәсіпкерлігінің әлемдік кубогы өтеді. Дүниежүзінің 33 елінен келген студенттер, кәсіпкерлер, академиялық көшбасшылар мен корпоративтік бизнес басшылар Қазақстанда жиналады. Enactus студенттерінің бизнес-жобалары БҰҰ қабылдаған Тұрақты дамудың 17 мақсатын жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл жобалар болашақ бизнес көшбасшыларының жарқын мансап жолындағы алғашқы қадамдары.
Enactus бағдарламасының тәжірибеге негізделген платформасын әлемдегі 1000-нан астам университет студенттер арасындағы көшбасшылық пен бизнес дағдыларды дамыту үшін пайдаланады.
Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы – 2001 жылдан бастап дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара. Ол кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік бастамалар мен даму қарқынын көрсетуге мүмкіндік беретін ауқымды алаң.
Еліміздің әлемдік кубокты өткізу құқығын иеленуі – Қазақстандағы Enactus бағдарламасының 15 жылдағы жарқын жетістіктерінің бағалануы мен халықаралық серіктестердің сенімінің айқын көрінісі.
Enactus әлемдік кубогы жас кәсіпкерлердің білім, идея мен тәжірибе алмасуы үшін 2000 қатысушыны сайыс форматында бір арнаға тоғыстырады. Қатысушылар экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді көрсететін, тұрақты қауымдастықтардың дамуына ықпал ететін және адамдарды оң өзгеріс жасауға шабыттандыратын жобаларын ұсынады.
Әлемдік аренада қазақ елінің намысын Enactus Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионатының жеңімпаздары – Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командасы қорғайды