«Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі».

«Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі».

«Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі».
Екінші апта елордамызда тазалық айлығы өтіп жатыр.

Тазалық айлығы аясында қала көшелері, арық пен кәріз желілері тазартылады. Сонымен бірге, қоғамдық демалыс орындары мен жол жиектерін ретке келтіру көзделіп отыр. Бас шаһардың көркін ашатын жасыл желек отырғызылып, әр ауданда көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Гүлзарлар ретке келтіріледі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктер мамырдың 11-не дейін жалғасады. Осы ретте тұрғындарымызды іс-шарадан шет қалмай, қала тазалығына атсалысуға шақырамыз.