Кәсіпкерлер Петропавлға 3 жүк көлік гуманитарлық көмек  жөнелтті

Кәсіпкерлер Петропавлға 3 жүк көлік гуманитарлық көмек  жөнелтті

Кәсіпкерлер Петропавлға 3 жүк көлік гуманитарлық көмек  жөнелтті

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Жастар саясаты басқармасымен, ӘКК және елордалық кәсіпкерлермен бірлесіп 2 күн ішінде Петропавл тұрғындары үшін 120 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинады. Бұл ауыз су, макарон, ұн, көкөністер, төсек-орын жабдықтары, сонымен қатар қажетті заттар. Су тасқынынан зардап шеккендерге: Керуен сауда-ойын-сауық орталығы, Galmart, Small, Астықжан супермаркеттер желісі, "Ibis" қонақ үйі, "Crocos" компаниясы, "Ailand" отбасылық демалыс орталығы, Астықжан және Сауран сауда үйлері, "YDA Industrial Park" көпсалалы зауыты, сондай-ақ АЭА бірқатар кәсіпорындары көмек қолын созды.