Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды
Алдағы демалыс күндері, 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі облыстың аграршылары ауа райының нашарлауына байланысты елордаға келмейді.
Айта кетейік, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды. Жәрмеңкелерге 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.