Құрметті елорда кәсіпкерлері, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну (бұдан әрі – Бағдарлама) конкурсына қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ
Байланыс телефондары:55-69-21, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-19
Конкурсты тапсыру орны: kezekte.kz (тек онлайн форматта)
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Бағдарламаның шарттарымен және қажетті құжаттар тізімімен төменде танысуға болады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2023 жылғы 7 тамыздан 2023 жылғы 16 тамызға дейін
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Мемлекеттік гранттар беру шарттары:
Өз қызметін экономиканың басым секторлар шеңберінде жүзеге асыратын, мемлекеттік грант алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгіну кезінде мемлекеттік тіркелуі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері ғана) кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:
1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияны сатып алу;
4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:
1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысының төлемі ретінде;
3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);
4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;
Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;
5) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;
6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды.
Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (жеке тұлғадан автокөлік сатып алуға жол беріледі).
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.
Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);
5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);
8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
Бұл ретте бизнес-идеяның жаңалығы критерийіне облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.
Қажетті құжаттар:
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы шеңберінде кәсіпкердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;
3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі.
Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары