
«Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында «Инвестициялық тартымдылық: 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «AstanaInvest» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Исатай Адресов брифинг өткізді.
Елорда бойынша негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) соңғы 3 жылда – 3,8 трлн. теңгені құрады.
2022 жылы Астананың НКИ рекордтық көрсеткіш – 1,4 трлн. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 112,7%, оның өсу себебі – жергілікті компаниялардың негізгі капиталға инвестициялары.
Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) соңғы 3 жылда (2020 – 2022 ж. 9 ай) Астана қаласына 2,4 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.
2022 жылы (9 айда) ТШИ көлемі – 740,9 млн.АҚШ доллары (2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 7% (2021 ж. 9 ай – 692,6 млн. АҚШ доллары).
«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды тарту және институционалдық қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын, арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға жәрдемдесу және Астана қаласында туризмді дамыту мақсатында құрылды.
Astana Invest мәртебесі – Астана қаласы әкімінің 2019 жылғы сәуіріндегі өкімімен аймақтық ұйымның алдында бекітілген («Astana Invest» – ең алғашқы өңірлік ұйым).
Инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультативтік қолдау, оның ішінде концессиялық және МЖӘ жобалары, инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер учаскесін таңдауға жәрдемдесу, арнайы экономикалық аймақтар, туризмді дамыту қызметтерін көрсетеді.