Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына сәйкес «Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін қалалық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеуді алу үшін арызданушылар Басқармаға келесі құжаттарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жарғы мен бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

3) бірлестік мүшелерінің тізімін.

Құжаттар пакетін хабарландыру шыққан күннен бастап он жұмыс күні аралығында Бейбітшілік к-сі, 11, 633 каб. мекен-жайы бойынша Басқармаға ұсыну қажет, анықтама 55-68-98 тел. бойынша.

Скачать заявление