
«АРОМАТ» ЖШС фабрикасы 10-11 сынып оқушылары үшін экскурсия өткізді. Бұл парфюмерия өнімдерін шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын.⠀
2020 жылдың қаңтарында компания Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймаққа енді. Бүгінгі күні Парфюмерия фабрикасы өндіріске қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.⠀
Зауыт жабдықталған:
- Аумағы 1144 шаршы метрді құрайтын өндірістік цех;
- Өз зертханасы мен ғылыми орталығы;
- Химиялық ингредиенттерді сақтауға арналған қойма, жалпы ауданы 928 ш.м. құрайтын шикізат пен компоненттер қоймасы;
- Аумағы 934 шаршы метр дайын өнім қоймасы және т.б.⠀
Экскурсия заманауи техникамен және технологиялармен танысу, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындардағы жұмыс жағдайлары мен ерекшеліктерін меңгеруге көмектесу мақсатында өткізілетінін естеріңізге саламыз.
⠀
КОНТАКТНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
+7-747-251-44-44
+7-717-225-16-86
+7-775-972-65-18
info@aromat-kz.com