Бүгін Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев Қазақстандық жаһандық инвестициялық дөңгелек үстел – 2022 жұмысына қатысты. Шара барысында әкімдік екі меморандумға қол қойды.
Соның бірі – Астанадағы жаңа жел электр станциясын дамыту бойынша өзара түсіністік туралы, итальяндық Eni компаниясымен жасалған меморандум.
Жоба энергияның ауысуына қол жеткізуге, сондай-ақ СО2 шығарындыларын азайту кезінде энергияға қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған. Бұл Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал етеді деп жоспарлануда.
Екінші Меморандумға Стоксонмен қол қойылды. Оның мақсаты – кондитерлік фабрика құрылысының инвестициялық жобасын жүзеге асыру.
Бұл жыл сайынғы шара 600-ден астам қатысушыларды – Қазақстанға жаңа өндірістер мен қызметтерді құру үшін келген ірі шетелдік компаниялардың басшыларын жинады.
Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстанның түрлі аймақтарында жалпы сомасы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы құжаттарға қол қойды.