Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған жаңа әріптестік

Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған жаңа әріптестік

Алматы қаласында Air Astana, Kazakh Tourism, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстары 2027 жылға арналған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Әріптестік Қазақстанды халықаралық туристік нарықтарда бірлесіп ілгерілетуге бағытталған. Тараптар digital-кампаниялар өткізуді, халықаралық көрмелер мен роуд-шоуларға қатысуды, шетелдік серіктестер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ақпараттық турлар ұйымдастыруды, B2B кездесулер өткізуді және басым туристік нарықтарға бірлескен талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Бірлескен жұмыс Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуді күшейтіп, еліміздің өңірлерін шетелдік саяхатшылар үшін қолжетімді әрі тартымды бағыт ретінде танытуға мүмкіндік береді.

В Алматы Air Astana, Kazakh Tourism, акиматы Астаны и Алматы, а также Алматинская, Акмолинская и Мангистауская области подписали Соглашение о стратегическом сотрудничестве на 2027 год.