
Астананың барлық ауданында 1-31 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Мұнда елорда тұрғындары жаңа оқу жылына қажетті тауарлар мен мектепке керек-жарақтарын қолжетімді бағада сатып ала алады.
Қазір жәрмеңкелер қаланың әр ауданында өтіп жатыр. Сауда орындарына күн сайын 200-ден 400-ге дейін адам келіп, кеңсе тауарларын, мектепке қажетті керек-жарақтарын және оқу жылының басталуына қажетті басқа да заттарды сатып алуда.
Жәрмеңкелер әр демалыс сайын мына орындарда жұмыс істейді:
Мектеп жәрмеңкелерімен қатар елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған «Мейірімді алақан» қайырымдылық акциясы да өтіп жатыр. Ірі сауда орталықтарында арнайы жәшіктер қойылып, қала тұрғындары оған мектепке арналған керек-жарақтары мен оқу жылына қажетті басқа да заттарды тапсыра алады.
Көмек жинауға арналған жәшіктер мына мекенжайларда орналасқан:
Мектеп жәрмеңкелерінің ұйымдастырылуы елорда тұрғындарына жаңа оқу жылына қажетті тауарларды қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік берсе, «Мейірімді алақан» акциясы көмекке мұқтаж отбасыларды қолдауға әркімнің өз үлесін қосуына жол ашады.