
YouTube желісінде 21 млн-нан аса аудиториясы бар, танымал арабиялық тревел-блогер, әрі деректі фильмдер авторы Джо Хаттаб Қазақстан туралы деректі фильм түсірді.
Фильмде ол Астанаға ерекше тоқталып, Елорданы «болашақ қаласы» деп атады, шаһардың қарқынды дамуы мен заманауи сәулетіне тоқталды.
Атап айтқанда, блогер Astana Hub-қа барып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен кездескен. Сондай-ақ EXPO аумағында және Орталық Азиядағы ең ірі мешіттердің бірі - «Нұрсұлтан мешітінде» болды.
Бүгінде фильм YouTube желісінде 3,8 миллионға жуық қаралым, 147 мыңнан аса лайк жинады.
Толық шығарылымды сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=twMvQ64jom8