Астанада SABIS International School - Astana халықаралық мектебі ашылды

Астанада SABIS International School - Astana халықаралық мектебі ашылды

Бес құрлықта және 21 мемлекетте өкілдігі бар жаһандық SABIS білім беру желісіне енген халықаралық SABIS International School-Astana (SIS-Astana) мектебінің ашылу салтанаты өтті. Жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

SABIS тарихы 140 жылдан асады. Ал алғашқы мектеп 1886 жылы Ливанның Шуэйфат қаласында ашылған. Осы уақыт ішінде SABIS білім беру жүйесі дамып, әлемнің түрлі елдеріндегі мектептерде енгізілді. Бүгінде халықаралық желі көпжылдық тәжірибені, бірыңғай академиялық стандарттарды және білім берудің заманауи тәсілдерін біріктіреді.

Бірінші кезеңде SIS-Astana 800 оқушыға арналған және 150 жұмыс орнын құруды көздейді. Алдағы уақытта мектептің сыйымдылығы кезең-кезеңімен 3 400 оқушыға дейін ұлғайтылады.

Мұндай ауқымды халықаралық мектептің ашылуы елордадағы заманауи білім беру инфрақұрылымын дамытуға және сапалы халықаралық білім алу мүмкіндігін кеңейтеді.

Сонымен қатар, SIS-Astana жобасының іске қосылуы Астананың инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттырып, шетелдік мамандарды, отбасыларды және халықаралық бизнесті тартуға қосымша жағдай жасайды. Бұл елорданың заманауи халықаралық орталық ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтады.

 

https://www.instagram.com/p/DcIXr-3sarR/