Астананың тарихы мен дамуына арналған арнайы шығарылым

Астананың тарихы мен дамуына арналған арнайы шығарылым

Елорда күні қарсаңында «Умные люди» YouTube арнасында Астананың тарихы мен дамуына арналған арнайы шығарылым жарық көрді.

Жоба авторы гидпен бірге мың жылға жуық уақытты қамтитын тарихи жолдан өтеді — ежелгі Бозоқ қалашығынан, көпестер мекені болған Ақмолаға, одан бүгінгі Қазақстанның елордасына дейін. Көрермендер қаланың уақыт өте қалай өзгергенін, неліктен оның атауы бірнеше рет ауысқанын, Целиноградтың қандай болғанын және Астананың қалай еліміздің басты саяси, экономикалық әрі мәдени орталығына айналғанын біле алады.

Арнайы шығарылым елордаға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Онда қала тарихының көпшілікке беймәлім беттері ашылып, өткеннің бүгінгі және болашақ Астанамен өзара сабақтастығы көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=KCsn1fcTOX0