Астанада She Impact Kazakhstan жобасы аясында әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқыту өтті

Астанада She Impact Kazakhstan жобасы аясында әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған оқыту өтті

Астанада «She Impact Kazakhstan» жобасы аясында заманауи технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, зияткерлік меншік құралдарын және инклюзивті тәсілдерді пайдалану арқылы әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған оқыту іс-шарасы өтті.

 Іс-шараның спикері ретінде «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесі жанындағы «Инклюзия» кіші комитетінің төрайымы Елена Куликова» сөз сөйледі.

Ол қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлікті бастау жолдары, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріп, әлеуметтік әсері жоғары бизнес-модельдерді табысты жүзеге асырып жүрген қазақстандық жобаларды таныстырды.

Бағдарламаның жекелеген бөлімдері креативті экономика мен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналды. Қатысушылар шығармашылық қабілеттерді табыс көзіне айналдыру, цифрлық бағыттарды дамыту, онлайн-сауданы ұйымдастыру, жеке брендті ілгерілету және кәсіпкерлікті жүргізудің заманауи тәсілдері туралы мағлұмат алды.

Оқыту барысында инклюзивті кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, инклюзивті бизнес-модельдерді енгізу, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын экономикалық қызметке тарту және инклюзивті жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлікте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктерімен танысты. Олар маркетинг пен сатуға арналған AI-құралдарын, бизнес-процестерді автоматтандыру шешімдерін және шағын және орта бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық сервистерді пайдалану бойынша тәжірибелік ақпарат алды.

 Оқыту барысында әйел кәсіпкерлер пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ өз бизнес-жобаларын дамытуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар мен пайдалы кеңестерге ие болды.

 

https://www.instagram.com/p/DaAkdByIV2C/?hl=ru